Astana Qazaqstan Team командасының өкілі Иван Смирнов «Румыния турының» төртінші кезеңіндегі финалдық спринтте толағай табысқа қол жеткізді. 189 шақырымды құрайтын төртінші кезең Тырговиште өтті. Кезеңнің бірінші жартысында алғашқы екі асу жолын жүріп өткен шабандоздар арасында көш бастап келе жатқан «Астана» өкілі Рудольф Ремхи құлап, жарысты жалғастыра алмады. Ал содан кейін қазақстандық команданың тағы бір шабандозы Ильхан Достиев жалпы есепте жаңа көшбасшыға айналды.
«Бүгін өте қиын кезең болды. Жарыс басталғанда асу жолдары оңайға соқпады. Бірақ, біз бүкіл топты бақылап, пелотонның басында қалдық. Құлдиға жеткенде шабандоздарымыздың бірі Рудольф құмға құлап түсті. Оның тезірек сауығып кетуін тілеймін. Осындай қиын кезеңнен кейін жарыс жолы керемет аяқталды. Команда тамаша жұмыс жасады. Бұл мен үшін жарқын жеңіс. Бірақ, біз ары қарай жұмысты жалғастырамыз. Ертең Бухарестте тағы бір қиын кезең күтіп тұр», — деді Иван Смирнов.
Айта кетейік, кешегі жарыс күні де Иван Смирнов жеңіс тұғырына көтерілген. Ол Румыния турының ең ұзақ кезеңі Сибиуде басталып, 198 шақырымнан кейін Румынияның Кристиана қаласында аяқталған сайыста үшінші орынға ие болды.