Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы аяқталғаннан кейін құрамамыз Олимпиадалық іріктеудің соңғы кезеңіне дайындықтың екінші кезеңін бастайды. 20-22 тамыз аралығында «Барыс Арена» мұз айдынында жаттығу жұмыстары өтеді.
23 тамызда кеңейтілген құрам Чехияға аттанады. Ал 25-і күні олар Хомутов қаласының жергілікті хоккей командасымен жолдастық кездесу өткізеді. 27 тамызда Қазақстан құрамасы Братиславаға барып, 29-ы күні Венгрия құрамасымен бірінші іріктеу кездесуін өткізеді.
Астанада өтетін оқу-жаттығу жиындарына Никита Михайлис, Валерий Орехов, Евгений Рымарев, Артем Лихотников және Иван Степаненко қосылады. «Адмирал» хоккейшілері Аркадий Шестаков пен Леонид Метальников, сондай-ақ «Слован» командасынан Андрей Шутов құрама Еуропаға жеткеннен кейін қатарға қосылады.