«Астана» бесінші тур аясында Конференция-Лигасының жалпы кезеңінде ағылшындық «Челсимен» өз алаңында матч өткізеді. Бұл ойын 12 желтоқсанда өтеді және Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады.
Естеріңізге сала кетейік, Конференция лигасының жалпы кезеңінде «Астананың» қарсыластары португалиялық «Витория», кипрлік АПОЭЛ және «Пафос», сербиялық «ТСК» және Уэльстің «Нью-Сейнтс» командалары болады. Өз алаңында Григорий Бабаян шәкірттері «Челсиден» бөлек «Витория» және «ТСК» командаларымен ойнаса, сырт алаңда АПОЭЛ, «Пафос» және «Нью Сейнтс» командаларымен кездеседі.
Биылғы еурокубок маусымын «Астана» Конференция лигасында екінші іріктеу кезеңінен бастады. Алдымен молдовалық Милсамиді (3:2) жеңген астаналықтар одан кейін румыниялық Корвинулды (8:2) жеңіп, плей-офф кезеңінде норвегиялық Браннмен кездесуде (3:2) сенсациялық камбэк жасады.