«Астананың» Конференция-лигасында «Челсимен» өз алаңындағы ойынын қай стадионда өткізетіні белгілі болды. Осы орайда лондондық клуб ресми мәлімдеме жариялады.
«Біздің УЕФА Конференция-лигасының негізгі кезеңіндегі «Астанаға» қарсы ойынымыз Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтетіні расталды.
Ашылатын төбесі бар, жасыл алаңының жылыту жүйесі бар сыйымдылығы 30 000 құрайтын «Астана Арена» стадионындағы жөндеу жұмыстары «Астананың» биылғы маусымда өз алаңындағы ойындарын басқа жерде өткізгенін білдіреді.
Олар Алматыдағы Орталық стадионда «Милсами», «Корвинул» және «Бранн» командаларымен Конференция-Лиганың іріктеу кезеңіндегі матчтарын өткізді және дәл осы жерде «Астана» 12 желтоқсанда бейсенбі күні «Челсиді» қабылдайды», — делінген лондондық клубтың хабарламасында.
Айта кету керек, жалпы кезеңнің барлық матчтары бір лигалық жүйе бойынша өтеді. Оған сәйкес әр клуб (барлығы 36) алты қарсыласпен бір ойын өткізеді — үшеуі өз алаңында және үшеуі сыртта. Үздік сегіз команда 1/8 финалға тікелей шығады.