Қазақстандық жас хоккейші Бейбарыс Оразов «Барыс» құрамында КХЛ-да дебют жасады.
Айта кетейік, күні кеше «Барыс» ҚХЛ жаңа маусымындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Елордалық ұжымның төрт жеңіліс сериясы Екатеринбургте аяқталды — олар бірінші рет сыртта ойнады. «Автомобилиске» қарсы ойында 32 секундта Кирилл Савицкий гол соғып, канадалық Майкл Маклауд қосымша уақытта командаға жеңіс сыйлады. Дегенмен «Барыс» турнирлік кестеде соңғы орында қалды. Енді 19 қыркүйекте командамыз маусымды сәтсіз бастаған, Шығыс конференциясында 12 команданың арасында оныншы орында тұрған «Ақ Барсқа» қарсы ойнайды.
Мұз айдынында сегіз минутқа жуық ойнаған 19 жастағы қорғаушы «Автомобилистке» қарсы жеңісті ойынға пікір білдірді.
Керемет ойын болды. Әрине, басында толқу болды, бірақ бәрі бізді қолдады. Ең бастысы, жеңіске жеттік. Айыпқа кеткенімде аздап уайымдадым, бірақ жылдам бейімделіп, ойынға қайта оралдым. Ойын барысында маған қалай әрекет ету керек екенін айтып отырды.
— «Снежные Барсы» МХЛ-де маусымды жаман бастамады. Негізгі командадан шақырту күткен бе едің?
— Жоқ, шақырту күтпедім, тек өз хоккейімді ойнап, командаға пайда әкелуге тырыстым. Кеше Тюменьдегі ойыннан кейін бірден бізге Екатеринбургке келуіміз керек екенін айтты. Түнде келдік, аздап тынығып, түскі ас ішіп, матчқа шықтық. «Барыс» бапкерлер құрамына сенім артқаны және осындай деңгейде ойнауға мүмкіндік бергені үшін ризамын.
— «Автомобилистке» қарсы ойында қандай сәт шешуші болды деп ойлайсың?
— Қарсылас қақпаға қауіп төндіргенде барлық жігіттер төзімділік танытты. Сонымен қатар, Никита Бояркин бірнеше қауіпті соққыны қайтарды, ал біздің ойыншылар өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды.