Қазақстандық шабандоз Вадим Пронский (25 жас) Astana Qazaqstan Team командасында тағы бір маусымға (2024 жылы) қалатын болды.
«Маусымның алғашқы жартысы өте қиынға соқты және әбден титықтатты. Аурулар мен вирустың кесірінен дайындыққа арнаған күндер мен апталар зая кетті. Сондықтан жарыстарға дұрыс дайындалып, толық және жақсы жаттығу циклінен өту мүмкін болмады. Бірақ мұндай жағдай болып тұрады. Әрқашан бәрі жоспарланғандай бола бермейді. Дегенмен, команда үшін де, мен үшін де маусымның соңы әлдеқайда сәтті болды және жігіттер тамаша нәтижелердің тұтас бір сериясына қол жеткізді. Ал мен өзімді көрсетіп, маусымды оң нәтижемен аяқтадым. Командамен келісім-шартымды ұзартқаныма, 2024 жылы «Астана» сапында өнер көрсететініме өте қуаныштымын. Биылғы жыл әлдеқайда табысты болады деп ойлаймын. Барлығы жетістікке жетуге, жоғары нәтиже көрсетуге тырысады. Мен де одан қалыспаймын», – деді Вадим Пронский.
2023 жылы Вадим Пронский «Джиро д’Италия» және «Испания Вуэльтасы» Гранд Турларына қатысып, «Лангкави турының» жалпы есебінде бесінші нәтиже көрсетті.
«Осы маусымға дейін Вадим нәтижелер тұрғысынан да, маңызды әлемдік тур жарыстарында, соның ішінде Гранд Турларда тәжірибе жинақтау тұрғысынан да бірқалыпты, жақсы ілгерілеу байқатты. Бірақ биылғы маусымда аурулардың кесірінен қыс-көктемгі дайындық ойдағыдай өтпеді. Сондықтан үлкен нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады. Бірақ финалда «Лангкави турында» жақсы өнер көрсетті. Жыл соңы жақсы аяқталды. Біз жаңа маусымда қандай жұмыстар атқару керек екенін білеміз. Қалыпты жағдайда келесі жыл Вадим үшін серпіліс және табысты болатыны сөзсіз. Оған бұл үшін қажеттінің бәрі – жастық, күш, мотивация және тәжірибе бар», – деді Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.