Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Айдар жоқ

Әлем чемпионатына іріктеу матчтарына қатысатын ұлттық құрама ойыншыларының тізімі белгілі болды

Қазақстан құрамасының алдағы матчтары Астана мен Бухарестте өтеді.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Нидерланды және Румынияға қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады. Тізімге 18 ойыншы енді.

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де – «Қайрат»), Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе»);

Алаң ойыншылары: Дуглас, Эдсон, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Дамир Кайырбай (барлығы – «Қайрат»), Тайнан («Спортинг» Лиссабон, Португалия), Шыңғыс Есенаманов, Ақжол Дәрібай (оба – «Семей»), Азат Валиуллин, Әбдірасул Әбдіманапұлы (екеуі де – «Аят»), Арнольд Кнауб («Жетісу»), Лео («Жоинвиль», Бразилия), Асхат Көлбаев («Ақтөбе»), Нұрболат Батырханов («Атырау»).

14 желтоқсанда Қазақстан футзал құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Нидерланды құрамасымен ойнаса, 20 желтоқсанда Бухарестте Румынияға қарсы ойын өткізеді.

Бес элиталық раундтың жеңімпаздары финалдық кезеңге тікелей жолдама алады. Ал екінші орын алған төрт үздік ойыншы плей-офф кезеңінде ойнайды. Олардың жеребе тарту рәсімі 2024 жылдың 25 қаңтарына жоспарланған. Ал әлем чемпионатындағы қалған екі орын үшін 8-17 сәуір аралығында өтетін матчтарда сарапқа салынады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz