Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Астанада Олимпиада ойындарына дайындық штабы ашылды

Туризм және спорт министрлігі жанынан Канвон-2024 қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы мен Париж-2024 жазғы Олимпиада және Паралимпиадаға дайындық жұмыстарына арналған штабтың ашылуы өтті. Бұл туралы Қазақстан Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2023 жылғы 13 желтоқсанда спорт сарапшыларының қатысуымен жасөспірімдер Олимпиадасы мен Жазғы Олимпиада және Паралимпиадаға Ұлттық құрама командаларының жұмысын ұйымдастыруға арналған штаб құру туралы министрліктің бұйрығы қабылданған болатын. Аталған штаб Мемлекет басшысының Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті және спорт федерациялары бірлесе жұмыс істеу керек деген тапсырмасын орындау мақсатында құрылды. Штабтың негізгі жұмысы – спортшылардың алдағы жарыстарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету. Штаб барлық кешенді жарыстар аяқталғанға дейін тұрақты негізде жұмыс істейтін болады. Штабтың құрамына 6 адам кірді.

Іс-шараға Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері және биылғы әлем біріншіліктері мен халықаралық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері, спорт журналистері қатысты.

Жиында сөз алған Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев 2023 жыл ел спорты үшін сәтті жыл болғанын, жерлестеріміз халықаралық ареналарда жарқын жеңістерге қол жеткізгеніне ерекше тоқталып, келер жылы өтетін байрақты бәсекелерге дайындық барысын баяндады.

«Біз Мемлекет басшысының Канвон-2024 қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына, Париждегі жазғы Олимпиада және Паралимпиадаға дайындық жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында құрылған штабтың бірінші отырысына жиналдық. Ұлттық құраманың сапалы дайындығы үшін спортшылар пулы, яғни лицензия мен медаль жеңіп алуы мүмкін үміткерлер жасақталды. Құраманың кейбір көшбасшылары Олимпиадаға жеке жоспар бойынша дайындалады. Яғни, әр спорт түрінің ерекшелігін, спортшының қажеттілігін, физиотерапияны,  оңалту мен жарақаттардың алдын алуды, психологиялық қолдауды және спортшыларды жарысқа дайындалуда стрессті басқаруға көмектесуді қоса алғанда, медициналық-биологиялық қамтамасыз етуді ескере отырып жасалады. Айта кету керек, спортшыларды даярлау күнтізбесін қалыптастыру тәсілдері мен қағидаттары толығымен қайта қаралды», — деді Ермек Маржықпаев.

Естеріңізге сала кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 2024 жылдың 19 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтеді. Ал Францияның Париж қаласында XXXIII жазғы Олимпиада 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында, ХVІІ Жазғы Паралимпиада 2024 жылы 28 тамыз  8 қыркүйектің аралығында өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz