Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатын боксшыларымыздың есімдері белгілі болды

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында 114 елден 668 спортшының қатысуымен өтетін әлемдік лицензиялық турнирге Қазақстан атынан қатысатын жерлестеріміздің тізімі белгілі болды. Бұл туралы ҚФБ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Париж Олимпиадасының жолдамасына таласатын боксшылар Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы(63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92келі). Ерлерде 28 жолдама үлестіріледі.
Әйелдер арасында Алуа Балқыбекова (50 келі), Жайна Шекербекова (54 келі)
Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі), Валентина Хальзова (75 келі) сынға түседі. Әйелдер арасында 21 жолдама үлестіріледі.

Бокстан Қазақстан еншісінде әзірге екі жолдама бар. 2023 жылғы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен әйелдерден 57 келідегі Карина Ибрагимова Париж Олимпиадасына баруға мүмкіндік алған еді.

Италиядағы іріктеу турнирі 4-12 наурыз күндері аралығында өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz