Болгарияда бокстан 75-ші дәстүрлі халықаралық «Странджа кубогы» мәресіне жетті. Биылғы жарысқа Қазақстанды қосқанда 28 елден 261 боксшы қатысты. Қазақ боксшылары үш медаль жеңіп алды — алтын, күміс және қола.
Атап айтқанда, 67 келі салмақта өнер көрсеткен Дулат Бекбауов финалда Раджатты 3:2 есебімен жеңіп алтыннан алқа тақты. 51 келі салмақта өнер көрсететін Санжар Тәшкенбай Амит Пангалға есе жіберіп, 0:5 Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Тұрсынбай Құлахмет (80 келі) қола медальді қанағат тұтты. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бесінші орынға табан тіреді.
Өзбекстан 12 медальмен көш бастады — бес алтын, екі күміс және бес қола. Сондай-ақ төртінші жыл қатарынан өзбек боксшылары командалық есепте бірінші орын алып, турнирдің үздік командасы деп танылды. Үндістан екі алтын, екі күміс және екі қола медальмен екінші орында. Болгария үздік үштікті түйіндеді. Турнир қожайындары бір алтын және төрт қола медаль иеленді.
«Странджа кубогы 2024» медальдар кестесі:
- Өзбекстан – 5-2-5
- Үндістан – 2-2-2
- Болгария – 1-4-0
- Украина – 1-1-3
- Қазақстан – 1-1-1
- Грузия – 1-0-3
- Қырғызстан – 1-0-0
- Қытай – 1-0-0
- Алжир – 0-1-4
- Тәжікстан – 0-1-0
- Грекия – 0-1-0
- Иран – 0-0-2
- Түркия – 0-0-1
- Франция – 0-0-1
- Моңғолия – 0-0-1
- Армения – 0-0-1
- Литва – 0-0-1
- Ирландия – 0-0-1.
Статистикаға сүйенер болсақ, былтыр Өзбекстан 16 медаль (7-4-5) жеңіп алса, Қазақстанның еншісінде екі-ақ медаль (күміс және қола) және турнирлік кестеде 14-орында болды. Ал 2022 жылы Өзбекстан боксшылары алты алтын медаль иеленіп, қазақстандықтар тоғыз медальмен (2-2-5) үшінші нәтиже көрсетті. 2021 жылы Өзбекстан 5 медаль (3-0-2), Қазақстан екі қоламен турнирді бесінші нәтижемен аяқтады.