Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Еліміздің үздік теннисшілері Miami Open турнирінде бақ сынайды

19-31 наурыз аралығында Майамиде (Флорида, АҚШ) WTA 1000 — Miami Open турнирі өтеді. Негізгі кезеңде екі қазақстандық теннисші өнер көрсетеді. Өткен жылғы турнирдің финалисті Елена Рыбакина (№4) және Юлия Путинцева (№68).

24 жастағы Рыбакина Майамидегі беделді турнирге төртінші, ал 29 жастағы Путинцева тоғызыншы мәрте қатысады. Елена былтыр финалға шығып, чехиялық Петра Квитоваға есе жіберген болатын. 2023 жылы Юлия жарыстың алғашқы айналымында жеңіліп қалды. Ал оның жеке рекорды 2019 жылы 1/8 финалға дейін жетуі.

Путинцева жарысты бірінші айналымнан бастап, 26 жастағы испаниялық Кристина Бучамен (No74) сынға түседі. Олардың жолдары алғаш рет тоғысады. Буча мансабында алғаш рет Майами турнирінің негізгі кезеңінде өнер көрсетеді. Өткен жылы ол іріктеу кезеңінің бірінші айнгалымында америкалық Эмма Наварродан үш сетте жеңіліп қалды.

Юлия Индиан-Уэллс қаласында (Калифорния, АҚШ) өткен соңғы турнирде өте жақсы өнер көрсетті. Рейтингте өзінен жоғары тұрған үш қарсыласын жеңді. Әлемнің бірінші ракеткасы әрі жарыстың чемпионы, польшалық Ига Швентек қана қазақстандық ойыншыны тоқтата алды – 6:1, 6:2.

Ал Бучиге келер болсақ, ол Индиан-Уэллсте бірінші айналымда америкалық Каролин Долхайдтан екі гейм ғана алды – 2:6, 0:6. Сондықтан Юлия қарсыласына қарағанда әлдеқайда мықты. Жалпы, Кристина Путинцева үшін қауіпті қарсылас емес. Егер Юлия Индиан-Уэллстегідей қуантып, таң қалдырса, Майамидегі жарыс қорытындысы бойынша әлемнің үздік 60 теннисшісінің қатарына қайта орала алады.

Рыбакинаға келер болсақ, ол бірден 650 рейтингтік ұпайды қорғауы керек. Себебі денсаулығына байланысты Индиан-Уэллске қатыса алмағаны үшін көп ұпай жоғалтты. Былтырғы жеңісі үшін жинаған 1000 ұпайын жоғалтты. Рейтингі жоғары болуына байланысты Елена жарысты екінші айналымнан бастайды. Долхайд (№ 50) немесе іріктеуден сүрінбей өткен теннисшілердің бірімен кездеседі. Турнир қорытындысы бойынша Рыбакина әлемдік рейтингтегі позициясын жақсарта алмайтыны сөзсізү. Оның үздік 3-тіктегі бәсекелестерінің арасында әлі де үлкен алшақтық бар. Теориялық тұрғыдан қазақстандық теннисші бесінші орынға түсуі мүмкін. Бірақ көп нәрсе америкалық Джессика Пегуланың (№5) өнеріне байланысты.

Рыбакина екі жағдайда үздік төрттіктегі орнын жоғалтады. Біріншіден, егер Пегула титулды жеңіп, Елена жартылай финалдан өте алмаса. Екіншіден, Джессика финалға шығып, Рыбакина екінші немесе үшінші кезеңде жеңіліп қалса онда әлемдік рейтингте елеулі өзгерістер орын алады.

Ал 20-31 наурыз аралығында мұнда ерлер арасында да ATP 1000 — Miami Open турнирі өтеді. Оған қазақстандық теннисшілерден Александр Бублик пен Александр Шевченко да қатысады.

Өкінішке қарай, іріктеудің алғашқы кезеңінде Қазақстан теннисінің ардагері Франция өкілі Теренс Атманнан (No129 ATP) 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу ұзақтығы 1 сағат 36 минутты құрады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz