Афинадағы OPAP Arena стадионында Грекия мен Қазақстан арасындағы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалдық ойыны өтті. Алаң иелері 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Матчтың тоғызыншы минутында Грекия құрамасының капитаны Анастасиос Бакасетас пенальти орындады. 30 жастағы жартылай қорғаушы өзінің мықтылығын көрсетіп, Игорь Шацкийге еш мүмкіндік қалдырмады. Айып добын Бағдат Қайыров ереже бұзғаннан кейін белгіледі.
15-минутта гректер оң қапталдан жылдам шабуыл жасап, Димитриос Пелькастың сенімді баспен гол соғуымен аяқталды – 2:0. Алаң иелері 37-минутта тағы да оң қапталдан шабуыл жасап, бұл жолы Фотис Яннидис гол авторы атанды.
Тартысты кездесудегі төртінші голды 40-минутта Димитрис Курбелис соқты. Ол айып алаңының сыртынан әуелетей асырып доп қақпаға дәл соққы бағыттады.
Ойынның нүктесі екінші таймда 86-минутта қойылды. Бұрыштамадан кейінгі автоголды Еркін Тапалов соқты. Айта кетейік, гректер Еуро-2024 жолдамасы үшін плей-офф кезеңінің финалына шықты. Онда Грузиямен ойнайтын болды. Кездесу 26 наурызда Тбилисиде өтеді. Бұл күні Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жартылай финалында Грузиядан жеңіліп қалған Люксембургпен сырт алаңда кездеседі.
Грекия – Қазақстан – 5:0
Голдар: Анастасиос Бакасетас 9 (пенальти), Димитриос Пелкас 15, Фотис Иоаннидис 37, Димитриос Курбелис 40, Еркін Тапалов 87 (автогол)
Ескертулер: Пантелис Хацидиакос 30, Ян Вороговский 17, Адилет Садыбеков 55, Рамазан Оразов 66, Темірлан Ерланов 69.