Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Магомед Адиев: «Афинадағы сәтсіздік бізді белгілі бір өзгерістер жасауға итермелейтіні анық»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Люксембург құрамасымен өтетін ойынға қатысты пікірін білдіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

— Магомед Мұсаұлы, Грекиямен ойыннан кейінгі команданың жағдайы қалай?

 Әрине, көңіл жабырқаулы. Қазақстан тарихта алғаш рет Еуропа чемпионатына баруға мүмкіндік алды. Әлі де ойымыздан кете қойған жоқ, өкініп отырмыз. Дегенмен, өткенді ұмыту керек. Жанкүйерлеріміздің көз алдында есімізді жию қажет.

– Алдағы ойында Игорь Шацкийдің орнына басқа қақпашы шыға ма?

– Қақпашылардың бапкерімен сөйлестім. Шацкийді ауыстырамыз деп сұрадым. Бірақ ол Грекиядан бес гол жібергеннен кейін еңсесін түсірмеген. Психологиялық тұрғыдан қалыпты. Сондықтан алғашқы минуттан Люксембургпен өтетін матчта Игорь өзі шығады.

— Болашақта құрамның жаңаруы туралы айттыңыз. жазда жолдастық ойындарда тәжірибелі ойыншылардың құрамнан кетуі мүмкін бе?

— Афинадағы сәтсіздік бізді белгілі бір өзгерістер жасауға итермелейтіні анық. Бірақ футболшыларды құрамнан шығару туралы айтып отырған жоқпын. Ең алдымен бапкер ретінде менен жаңа идеялар күтеді. Мұны Әзербайжан және Армениямен өтетін жолдастық ойындардан бастауым керек.

– Алдағы матчта ротация көреміз бе?

– Ротация болады. Жаңа ойыншыларды байқап көреміз. Болашаққа қарау керек. Грекиямен кездесумен салыстырғанда өзгерістер жасаймыз. Бірақ ойын тактикасында ешқандай өзгеріс болмайды. Грекиядағы жеңіліс бізге қатты әсер етті және ойыншылар қалпына келуге тым көп уақыт кетті.

— Грекиямен матчқа негізгі ойыншыларды алаңға шығармағаныңызға өкінбейсіз бе? Мүмкін Оразов, Айымбетов, Тағыберген ойнауға лайық па еді?

– Футболда жалпы, олар лайық па, жоқ па деген ұғым жоқ. Кім жаттығуда жұмыс жасайды, кім ойынға жараса, сол лайық. Тәжірибелі жігіттермен сөйлестік. Менің шешімім кейбір жігіттерге ұнамады. ҚФФ президенті мен басшыларына кез келген жаттығуды көрсетіп, ойыншының алаңға неге шықпағанын бейне және сандар арқылы көрсете алатынымды айттым. Иә, бұл жігіттер ұлттық құрама үшін де, мен үшін де көп нәрсе жасады. Бірақ дәл қазіргі жағдайға қарауымыз керек.  Бапкерлігім барысында осы ұстанымымнан таймаймын деп ойлаймын.

Егер жас немесе басқа ойыншы құрамаға келсе, онда ол талаптарға сәйкес келеді. Мысалы, Садыбеков. Егер футболшы жаттығу кезінде сырт көзге де, көрсеткіштер саны жағынан да басқа ойыншылардан бір бас жоғары көрінсе, мен ешқашан танымал футболшыны оның орнына қоймаймын. Мұндай жағдай мен үшін ең мықтысы ойнайды.

Сондай-ақ тактикалық нюанстар бар. Мысалы, Оразов тактикалық принципке байланысты қалды. Мен онымен бұл мәселені талқыладым. Бапкерлер штабының пікірінше Тағыбергеннің жағдайы оңтайлы емес. Күшейту мен қысым қажет болған кезде оны 20-30 минутқа шығаруды жоспарладық. Айымбетовтың бабының қандай екенін білмедім. Ол клубта ойнамайды. Келді, бір жаттығу жасады. Тапалов пен Қайыров, Еркін жақсы көрінді, көп жұмыс істеді. Бағдат құрылымға сай болды, өйткені Чесноков оның қапталына шығуы керек еді. Чесноковқа көмектесетін ойыншы керек болғандықтан, Қайыров алаңға шықты. Ал Тапаловпен бірге екі шабуылшы алар едік.

Құрам бойынша шешім ой таразысынан өткен соң қабылдады. Бірақ нәтиже бермеді. Командамыздың игілігі үшін біз өз жолымызды жалғастыруымыз керек.

– Грекиядан кейін Әділет Барменқұловпен сөйлесетініңізді айттыңыз. Сөйлестіңіз бе? Болашағыңызға қатысты бір шешімге келдіңіздер ме?

– Әділет Назарбайұлымен сөйлестік. Ойыннан кейін бәріміз тынығуымыз керек деп келістік. Маусым айында өтетін матчқа дейін уақытымыз бар. Біз тынышталып, сабырға келгенде сөйлесеміз. Сырттай келіссөз жүргізбеймін. Федерация мұны түсінуі керек. Федерация маған толық сенім артады. Біз ұзақ жолдан өттік және қарапайым нәрселер үшін бір-бірімізге ренжімейміз. Бұл ер адамдарға тән қасиет емес. Біріншіден, федерация президентімен әңгімелесеміз. Ортақ шешімге келуіміз қажет. Ал қалған ұсыныстардың барлығын осыдан кейін ғана қарастыратын боламын.

Естеріңізге сала кетейік, Люксембург пен Қазақстан арасындағы ойын наурыздың 26-сынан 27-не қараған түні елорда уақыты бойынша 00:45-те басталады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz