Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Ресми. «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті

«Қайрат» футбол клубы Кирилл Кекердің негізгі команданың бас бапкері қызметінен кеткенін хабарлады.

44 жастағы маман өз бетімен жұмыстан кетемін деген шешім қабылдады. Кирилл Сергеевич «Қайрат» ФК жүйесінде жұмысын жалғастыра беретінін айта кетейік. Кекер негізгі команданы 2022 жылғы маусымнан бастап басқарған. Оның жетекшілігімен «сары-қаралар» 60 матч өткізіп, оның 29-ында жеңіске жетіп, 15 кездесуде тең түсіп, 16 рет қарсыластарына есе жіберген. Осы кезеңде «Қайрат» ФК Академиясының 13 түлегі негізгі команда сапында дебют жасады.

««Сары-қаралардың» үлкен ұжымы Кирилл Сергеевичке атқарған жұмысы үшін шын жүректен алғыс айтып, кәсіби қызметінде одан әрі табысқа жете беруін тілейді», — деп жазды алматылық команданың баспасөз қызметі.

Алдағы 4 мамырда өтетін «Атыраумен» болатын матчқа команданы бұған дейін «Қайрат-Жастарды» басқарған Рафаэль Уразбахтин дайындайды.

Айта кетейік, соңғы ойында 6-тур аясында алматылық ұжым қызылордалық «Қайсардан» жеңіліп қалған болатын. Қазіргі таңда команда 8 ұпаймен турнирлік кестеде 6-орынға жайғасты.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz