Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Александр Бублик Рим турнирінің жартылай финалына шықты

Римде Мастерс сериясының ATP-1000 турнирі өтуде. Қазақстандық теннисші Александр Бублик жұптық сайыста 1/4 финалдық кездесуде жеңіске жетті.

Жартылай финал жолдамасы сарапқа салынған матчта америкалық Бен Шелтонмен бірге қазақстандық теннисші аргентиналықтар Франсиско Черундоло/Томас Мартин Этчеверриді 1:6, 6:4, 10:5 есебімен ұтты.

Бұған дейін ширек финалда Бублик америкалық теннисшімен бірге Александр Зверев (Германия)/Марсело Мело (Бразилия) дуэтін 2:6, 6:3, 10:7 есебімен ұтқан болатын.

Айта кетейік, Бублик Римдегі турнирде Қазақстанның жалғыз өкілі болып қалды. Ол аталмыш жарыста ерлер арасындағы жекелей сында екінші айналымнан әрі аса алмады. Сондай-ақ тағы бір қазақстандық Александр Шевченко ерлер арасындағы жекелей жарыстан шығып қалды. Әйелдер арасындағы жұптық бәсекеде қазақстандық Анна Данилина эстониялық Ингрид Нилмен бірге алғашқы айналымда қарсыластарына есе жіберді, Ал Юлия Путинцева үшінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Швентектен ұтылып қалды. Ал еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты жарысқа қатысудан бас тартты.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz