Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Қазақстан жастар құрамасы Грузиямен кездеседі

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы маусым айында Грузия жастар құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді. Матчтар 6 және 9 маусым күндері Тбилисидегі Михаил Месхи атындағы стадионда өтеді.  Аға бапкер Константин Горовенко бастаған Қазақстан жастар құрамасы 3 маусым күні Талғардағы ұлттық құрамалар базасында оқу-жаттығу жиынын бастайды. Екі күндік ОЖЖ-дан кейін Қазақстан U-21 құрамасы Грузия астанасы Тбилисиге жолға аттанады.

Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде В тобында бақ сынап жатыр. Топта Қазақстан U-21 құрамасымен қатар Испания, Шотландия, Бельгия, Венгрия және Мальта құрамалары бар. Константин Горовенко шәкірттері алты ойыннан кейін үш ұпаймен 5-орында келеді.

Күзде Еуро-2025 іріктеу кезеңінің тағы төрт матчы өтеді. Қазақстан жастар құрамасы 5 және 10 қыркүйек күндері өз алаңында Мальта мен Бельгия құрамаларын қабылдайды. Артынша 10 қазан күні Испаниямен, сосын 15 қазанда Шотландиямен кездеседі.

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының матчтар күнтізбесі: 

6 маусым 2024 жыл

Грузия U-21 – Қазақстан U-21

Михаил Месхи атындағы стадион, Тбилиси

9 маусым 2024 жыл

Грузия U-21 – Қазақстан U-21

Михаил Месхи атындағы стадион, Тбилиси

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz