Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Ролан Гаррос. Александор Бублик пен Юлия Путинцева алғашқы айналымда жеңіске жетті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос-2024 турнирін жеңіспен бастады. Бірінші айналымда ол француз Грегуар Баррерадан 3:0 (6:4, 7:5, 6:3) басым түсті. Бубликтің келесі қарсыласы Германияның 41-ракеткасы Ян-Леннард Штруфф болмақ. Матч 30 мамырда өтеді.

Айта кетейік, Бублик «Ролан Гарростың» негізгі кезеңіне қатарынан алтыншы рет қатысып отыр. Өткен жылдары ол үш рет екінші айналымға дейін жеткен.

Юлия Путинцева да алғашқы айналымда америкалық Слоан Стивенсті екі сетте – 6:1, 6:2 есебімен ұтты. Келесі айналымда Путинцева испаниялық Паула Бадосаға қарсы шығады. Матч 30 мамырға жоспарланған.

Сондай-ақ Елена Рыбакинаның 1/32 финалдағы қарсыласы белгілі болды. Ол нидерландылық Аранча Руспен кездеседі.

Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович француз теннисшісі Пьер-Юг Эрберді 2 сағат 31 минутта – 6:4, 7:6, 6:4 есебімен ұтты.  Екінші айналымда «Үлкен дулыға» турнирінің 24 дүркін чемпионы Новак испаниялық Роберто Карбалес-Баенамен (әлемнің 63-ші ракеткасы) ойнайды. Джокович «Ролан Гарростың» қазіргі чемпионы және ол чемпиондық атағын қорғауы керек.

Арина Соболенко 19-жасар ресейлік Эрика Андрееваны 6:1, 6:2 есебімен жеңіп, рекорд орнатты. Белоруссиялық теннисші Виктория Азаренкодан кейін екі жыл бойы «Үлкен Дулыға» турнирлерінде қатарынан 8 матчта жеңіске жеткен алғашқы теннисші.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz