Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Ұлттық бокс федерацияларына IBA құрамынан шығуға тура келеді

Қазіргі таңда 200-ден астам ұлттық федерациялар, соның ішінде Қазақстан да IBA-ға мүше.

Халықаралық бокс қауымдастығына (IBA) мүше ұлттық спорт федерацияларының боксшылары 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға жіберілмейді. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мәлімдеді.

IBA жұмысының бұлыңғырлығына байланысты әзірге бокс 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына енбеген.

«Олимпиадалық боксқа сенімді, жақсы ұйымдастырылған халықаралық федерация қажет. Ұлттық федерациясы  IBA құрамына кіретін кез келген боксшы Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысуға жіберілмейтіні қазірдің өзінде белгілі. Өзін-өзі сыйлайтын ұлттық Олимпиада комитеті мұндай ұлттық бокс федерацияларын құрамынан шығаруға міндетті», — делінген хабарламада.

IBA 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне Олимпиадалық турнирді ұйымдастыруға ешқандай қатысы болмаса да, ақшалай сыйлық беретінін айтты.

Кремлев Олимпиада қатысушыларына 3,1 миллион доллар уәде етті және бұл сома 100-ден астам боксшыға бөлінеді: чемпиондар – 100 мың доллар (боксшы – 50 мың доллар, федерация мен жаттықтырушы – 25 мың), күміс – 50 мың доллар, қола – 25 мың доллар. Ширек финалға шыққандар үшін 10 мың доллар.

«Халықыралық Олимпиада коммитеті ақшалай сыйлықты төлеу туралы шешімі туралы хабарлама мәтінін алды. Әдеттегідей IBA-ға бұл қаражаттың қайдан келгені түсініксіз. Қаржылық бөліктің жалпы ашықтығы ХОК-тың IBA өкілеттіктерін мойындамауының себептерінің бірі», — делінген хабарламада.

2019 жылы ХОК IBA-ны (ол кезде AIBA) мойындаудан бас тартты. Олимпиададағы бокс турнирі сақталды. Бірақ, Токио ойындарында оны ХОК-тың арнайы комиссиясы өткізді. 2022 жылдың маусымында ХОК Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарындағы бокс турнирі қайтадан IBA-сыз өтетінін хабарлады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz