Бангокта Олимпиадаға іріктеу турнирі жалғасуда.
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Назым Қызайбай 31 мамыр күндіз рингке шықса, Валентина Хальзованың келесі жекпе жегі 1 маусымға жоспарланған.
Үш салмақ дәрежесінде де жартылай финалға шыққан спортшылар олимпиадалық жолдамаға ие болады. 63.5 келіде жартылай финалда жеңілген боксшылар арасында қосымша бір лицензия сарапқа салынады.
Айта кетейік, бокстан екі дүркін әлем және Азия чемпионы, Олимпиада Ойындарының жеңімпазы Серік Сәпиев Бангкоктағы лицензиялық турнирде Қазақстан командасына шынайы қолдауын көрсетіп, спортшыларға ақыл-кеңесін айтуда. Әр жекпе-жек сайын боксшыларымызға техникалық, тактикалық тұрғыдан жіберген қателіктерімен жұмыс жасауды үйретіп, даңқты боксшымыз спортшыларға керемет қолдау көрсетуде.
31.05.2024
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Эрисланди Альварес
63.5 келі 1/4 финал
Назым Қызайбай — Джухюнг Джунг
50 келі 1/16 финал
01.06.2024
Валентина Хальзова — Эрденетуя Энхбаатар
75 келі 1/8 финал