Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футзал

«Семей» футзал клубы Қазақстан чемпионы атанды

Сенсация! «Қайрат» соңғы 20 жылда алғаш рет футзалдан Қазақстан чемпионы атағынан айырылды. Семей» футзал клубы шешуші ойында «Қайратты» пенальти сериясында жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды.

Футзалдан Қазақстан чемпионатында финалдық сериядағы төртінші кездесу өтті. Онда «Қайрат» пен «Семей» кездесті. Бірінші таймда қос команда да үш голдан соқты. Екінші таймда Марлон Веласко шәкірттері басымдықты қолға алып, допқа көбірек иелік еткенімен, бірақ мүмкіндіктерін пайдалана алмады.

Экстра-таймда ойын қыза түсті. Атап айтқанда, семейлік әмбебап ойыншы Кайо Торрес хет-трик жасады. Бірақ «Қайрат» командасы есепті тез арада теңестіріп, чемпионаттың үздік бомбардирі Алиссон гол соқты — 4:4.

Нәтижесінде жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Семейлік ойыншылар дәлірек болып шықты. Матчтардың финалдық сериясы 3:1 есебімен Дави Мендонка шәкірттерінің пайдасына аяқталды. Семейдің футзал клубы тарихта тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды. Клуб 2023 жылы құрылған.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» бұған дейін 2003/04 маусымынан бері үздіксіз жеңіске жетіп, қатарынан 20 рет Қазақстан чемпионы атанған болатын.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz