Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Конференция-лигасында «Ордабасының» тағдырын жалғыз гол шешті

Шымкенттік «Ордабасы» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Люксембургтің «Дифферданж 03» клубымен сырт алаңда ойнады.

Ойын «Муниципаль де Дифферданж» стадионында өтіп, 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Бұл кездесудегі жалғыз голды Жоржиньо соқты. «Ордабасы» қақпаға бағытталған қарсылас команданың бес соққысына тек бір соққы ғана жасады. Осылайша бұл еурокубок матчында «Ордабасы» әзірге гол соққан жоқ.

«Ордабасы» — «Дифферданж» арасындағы қарымта ойын 1 тамыз күні Шымкентте өтеді. Жұптың жеңімпазы «Струга» (Солтүстік Македония) – «Пюник» (Армения) кездесуінің үздік командасымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде шымкенттіктер молдовалық «Петрокубқа» ұтылып қалды (0:0 және 1:0). Ал «Дифферданж» «К.И.Клаксвикке» есе жіберді – 0:2 (0:2, 0:0).

Айта кетейік, The Sweeper басылымы матч аяқталған соң шымкенттік «Ордабасы» туралы қызықты дерек жариялады.

«Қазақстан чемпионы шымкенттік «Ордабасы» бүгінгі УЕФА Конференция лигасының іріктеу турниріне қатысу үшін Азия мен Еуропа елдерін аралап, Люксембургтің Дифферданж қаласына үлкен саяхат жасады. Бір бағытта 4843 шақырым және жалпы 9 686 шақырым. Бұл 2024/25 жылғы іріктеу кезеңінде клубтың ең ұзақ жүріп өткен жолы», — деп жазады The Sweeper.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz