25 шілдеде «Астана» Конференция-Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында Молдованың «Милсами» командасымен сырт алаңда матч өткізді. Кездесу Оргеевте өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды. Қазақстандық команда екінші таймның ортасында Назми Грипшидің күшімен алға шықты. Дегенмен, матч соңында Дэни Лупано есепті теңестіріп кетті. Қарымта ойын 1 тамызда Алматыда өтеді.
Келесі турдағы матчтың жеңімпазы Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде кездесетін «Корвинул» (Румыния) мен «Риека» (Хорватия) кездесуінде жеңіліс тапқан командамен сынға түседі.
Қостанайлық «Тобыл» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын швейцариялық «Санкт-Галленмен» өткізді. Кездесу сырт алаңда өтіп, 4:1 есебімен швейцариялықтардың жеңісімен аяқталды. Матчта қазақстандықтар бірінші болып есеп ашты. Альберт Вальчи 28-минутта автогол соқса, бұған алаң иелері төрт голмен жауап берді. Қарымта кездесу 1 тамызда Қостанайда өтеді. «Санкт-Галлен» келесі айналымда «Рига» (Латвия) — «Шленск» (Польша) жұбының жеңімпазымен кездеседі.