Ел чемпиондары «Ордабасы» мен елордалық «Астана» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі бірінші ойындарын өткізді. «Астана» сырт алаңда румыниялық «Корвинул» командасын 2:1 есебін жеңсе, ал «Ордабасы» Алматыда өткен ойында армениялық «Пюниктен» айласын асыра алмады.
«Астананың» румыниялық «Корвинулмен» өткен кездесуінде алаң иелері 37-минутта Антонио Манолакенің күшімен бірінші болып гол соқты. Қонақтар үзіліске дейін есе қайтара алмады. Екінші таймда астаналықтар допқа иелік ете бастады. 54-минутта Усман Камараның қапталдан берген пасын Марин Томасов баспен қақпаға бағыттады. Бірақ «Корвинулдың» қақпашысы Стефан Лефтер допты қайтарып, командасын құтқарып қалды.
62-минутта нысананы дәл көздеген Камараның жолы болды – 1:1. 69-минутта қазақстандықтар алға шығуы мүмкін еді. Бұрыштамадан кейін Джеффри Чинеду баспен допты қақпаға бағыттады. Бірақ Лефтер тағы да алға шығып, керемет реакция көрсетті. Дегенмен, 80-минутта «Астана» Чинедудың күш-жігері мен дәл соққысының арқасында екінші голды соқты. Финалдық ысқырық естілгенше есеп өзгерген жоқ. Қорытынды есеп 2:1
Қарымта ойындар 14 тамызда өтеді. Бұл кезеңді өткен жағдайда клубтарымыз УЕФА Конеренция лигасының іріктеуіндегі плей-офф кезеңіне жолдама алады. «Корвинул» – «Астана» кездесуінің жеңімпазы келесі айналымда «Сент Миррен» (Шотландия) – «Бранн» (Норвегия) жұбының мықтысымен кездеседі.
Ал, «Ордабасы» мен «Пюник» Алматыда кездесті. Матчтағы жалғыз голды 56-минутта Юсуф Отубанжо соқты. 24-минутта Всеволод Садовский қонақтар қақпасына гол соғып, есепті теңестірді. Бірақ VAR жүйесі арқылы бейне шолудан кейін гол есепке алынбады. Қарымта кездесу 15 тамызда Ереванда өтеді.