Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Желаяқ Джепкемей ел қоржынына медаль сала алмады

Париж Олимпиадасында 10 000 метрге жүгіруден әйелдер арасындағы жарыс аяқталды.

10000 метрге жүгіруде кениялық Беатрис Чебет Олимпиада чемпионы атанды. Италиялық Надия Баттоклетти күміс жүлде иеленсе, соңғы айналымда барын салып бірнеше желаяқты артқа тастаған нидерландылық Сифан Хассан қола медаль жеңіп алды.

Бұл бәсекеде ел намысын Дейзи Джепкемей қорғаған болатын. Қазақстандық атлет мәреге 17-болып келді. Жарысқа барлығы 25 спортшы қатысты.

Айта кетейік бұл ойындарда Джепкемей 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде де сынға түсіп, финалға өте алмады. Дегенмен 28 жастағы кениялық легионер алыс қашықтықтарда жақсы нәтиже көрсетуімен танымал. Ол жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, сондай-ақ жастар арасында Африка чемпионы атанған болатын.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz