Хоккейден Президент Кубогы аясындағы екінші кездесуінде Қазақстан құрамасы «Барыспен» кездесті. Алғашқы кезеңде Эдуард Михайлов есеп ашса, екінші кезеңнің бірінші минутында Кирилл Панюков есепті еселей түсті. Ойынның үшінші кезеңіне қарай құрама үш шайба айырмашылығымен алға шықты. Үшіншісін Әлихан Әсетов соқты. Ойынның 47-минутында Руслан Оспанов пен Роман Старченко құраманың ірі есеппен жеңіске жетуіне себепші болды. Қорытынды есеп 5:0.
Қазақстан құрамасы – «Барыс» 5:0 (1:0, 2:0, 2:0)
1:0 – 06:21 – Михайлов (Шайхмедденов, Бекетаев)
2:0 – 20:27 – Панюков (Мұратов, Мұхаметов)
3:0 – 38:36 – Әсетов (Данияр, Борисевич)
4:0 – 46:59 – Оспанов (Демин, Королев)
5:0 — 57:27 — Старченко (Гайтамиров, Данияр)
Қақпашылар: Бояркин — Никитин
Олег Болякин шәкірттері Президент Кубогы аясында келесі ойынын 17 тамыз, сенбі күні «Амурға» қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 13:00-де басталады.
Айта кетейік, 29 тамызда хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама алуға тырысады. Турнир Словакияда өтеді. Онда Аустрия мен Венгрия Қазақстанмен және алаң иелерімен бір топта өнер көрсетеді. Топ жеңімпазы 2026 жылы Миланда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.