Алматылық «Қайрат» ішкі чемпионаттың 17-турында петропавлдық «Қызылжардан» басым түсті (0:1).
Сырт алаңдағы кездесуде Кержаков командасы Андрей Ульшиннің соққан жалғыз голының арқасында жеңіске жетті. Матч барысында екі рет сары қағазбен жазаланған «Қызылжар» ойыншысы Зоран Нижич матчтан шеттетілді. Ол енді Петропавл ұжымының «Елімайға» қарсы болатын ойынына қатыспайды.
Жеңісті кездесуден кейін «Қайрат» турнирлік кестеде 1 орынға көтерілді. Екінші сатыда бұдан бірнеше күндер бұрын «Атыраумен» тең түскен «Ақтөбе» келе жатыр. Дмитрий Парфенов шәкірттері сары-қаралардан 3 ұпайға қалық. Ал үздік үштікті еурокубокте жолы болмаған «Ордабасы» түйіндеп отыр. Премьер-лигадағы келесі матчын «Қайрат» 25 тамыз күні өз алаңында өткізеді. Қарсылас – «Тобыл» ұжымы.
Ал, Спартак стадионында «Тұранды» қабылдаған «Елімай» осы маусымдағы ең нәтижелі ойынын көрсетті. Бұл кездесуде “Елімай” сапындағы ең қымбат футболшы Ислам Машуков гол соқты. Оның трансферлік нарықтағы қазіргі құны 900 мың еуро. Андрей Карпович командасы келесі ойынын 24 тамыз күні петропалдық “Қызылжарға” қарсы өткізеді. Айтпақшы, Әли Әлиевтің ұжымы бүгін алматылық “Қайратқа” минималды есеппен жеңілді.