Еркін күрестен қазақстандық тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан жастар арасындағы әлем чемпионатына барады.
20 жастағы Айтмұхан қыркүйектің 2-сі мен 8-і аралығында Испанияның Понтеверде қаласында өтетін 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының намысын қорғайтын болады.
2023 жылдың тамыз айында Айтмұхан 20 жастағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына дейін жетсе, бір айдан кейін ересектер арасында әлем чемпионы атанды. Бірақ ол уақытта 92 келі салмақта өнер көрсеткен еді. Қазір Ризабек 97 келіде, яғни олимпиадалық салмақта сынға түседі.
Алдағы Испанияда өтетін әлем чемпионатына баратын басқа да жұлдызды спортшылар — U-17 санатындағы 2022 жылғы әлем чемпионы Камиль Куруглиев пен сәуірде Олимпиада лицензиясына бір қадам жетпей қалған Лаура Ғаниқызы да бар.
Еркін күрестен Испания елінде өтетін әлем чемпионатына (U20) қатысатын Қазақстан командасы:
57 келі — Үкіметұлы Мықтыбек;
61 келі — Нұрланбек Әбдінұр;
65 келі — Алайдар Шаттық;
70 келі — Болатұлы Айқын;
74 келі — Анчугин Егор;
79 келі — Бексултанов Ерхан;
86 келі- Ахмедханов Навруз;
92 келі — Куруглиев Камиль;
97 келі — Айтмұқан Ризабек;
125 келі — Кусайнов Алихан.
Әйелдер күресінен (U20) Испанияда өтетін әлем чемпионаты қатысатын Қазақстан командасы:
50 келі — Ғаниқызы Лаура;
53 келі — Қабылбек Еңлік;
55 келі — Махамбетова Алияна;
57 келі — Өмірбек Шұғыла;
59 келі — Первухина Ангелина;
62 келі — Змазнева София;
65 келі — Аманова Корлан;
68 келі — Сейдуалы Бейбіт;
72 келі — Сабыржанова Жібекжан;
76 келі — Ертөстік Алина.