Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының топтық кезеңінің финалдық, үшінші турында Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны ірі есеппен жеңді.
«D» квартетінің кездесуі Ташкентте өтіп, голдарды Ринат Төреғазин (9-минут), Ақжол Дәрібай (12-минут), Арнольд Кнауб (15, 16, 21, 23, 37-минут), Арыстан (21-ші, 30-минут). Логан Вишневски автогол соқты (31-минут). Қорытынды есеп 10:0.
Ал «D» тобындағы екінші матчта Испания Ливияны 8:0 есебімен жеңді.
Осы табысының арқасында Қазақстан құрамасы 7 ұпай жинап, екінші орыннан плей-офф кезеңіне өтті. 7 ұпаймен топтың жеңімпазы қазақстандықтарды қосымша көрсеткіштер бойынша басып озған Испания болды. Ливия үш ұпаймен үшінші орынға жайғасса, Жаңа Зеландия үшінші рет қатарынан жеңіліс тапты.
В этой статье:
Нажмите, чтобы прокомментировать