4 қараша күні кешке әлем баспасөзі бокстан Олимпиада чемпионы Иман Хелиф туралы тағы да айта бастады. Алжирлік былғары қолғап шеберінің биологиялық ер адам екені жайлы медициналық дәлелдер пайда болды.
Reduxx басылымының хабарлауынша, француз журналисі Джаффар Айт Аудиа Иман Хелифті шын мәнінде ер адам деп санауға болатынын алға тартады. Репортер Хелифтің ер адам екенін 2023 жылдың маусымында Кремль-Бисетр ауруханасы (Франция) мен Мохамед Ламин Дебажин клиникасы (Алжир) арасындағы ынтымақтастық аясында жасалған медициналық сараптама қорытындысы арқылы дәлелдеп отыр. Эндокринологтар Сумая Федала мен Жак Янг жасаған баяндамада Иман Хелифте 5-альфа редуктаза тапшылығы бар екені белгілі болды. Бұл тек биологиялық еркектерде болатын жыныстық дамудың бұзылуын білдіреді.
Сондай-ақ, жамбастың МРТ нәтижелері бойынша спортшыда жатыр мен аналық бездері жоқ екендігі көрсетілген. Гормоналды талдау да алжирлік боксшының қанындағы тестостерон деңгейі ер адамдікіне ұқсас екенін көрсетті.
Хелифтің медициналық қорытындысы туралы бұл жаңалық 2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын алған соң шықты. Франциядағы жарыс кезінде алжирлік боксшы италиялық боксшыны жылатып, ол көп ұзамай спорттан кететінін мәлімдеді.