Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Ига Швентек әлемнің ең мықты теннисшісі екенін тағы бір дәлелдеді

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Дохада (Катар) өткен WTA 1000 — Qatar TotalEnergies Open турнирінің финалында өнер көрсетті. Шешуші кездесуде оның қарсыласы әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Швентек болды.

Бірінші сетте Рыбакина 4:1 есебімен алға шықты. Бірақ оған медициналық тайм-аут қажет болды. Допты ойынға қосу барысында қазақстандық теннисшінің аяғына байқаусызда ракеткасы тиіп кетеді. Осыдан кейін Елена төрт гейм қатарынан жеңіліп, кездесу тайбрейкке ұласты. Екі сағат 18 минутқа созылған матч екі сетте 7:6 (10:8), 6:2 есебімен польшалық теннисшісінің пайдасына аяқталды. Кездесу аяқталған соң Швентек финалға қатысты өз пікірін білдірді.

«Турнирді үш рет қатарынан жеңу мұндай ерекше болатынын бұрын-соңды білген емеспін. Бірақ мұндай нәтиже күтпеген жерден болады деп айтар едім. Алдыма ешқандай рекорд жасау міндетін қойған жоқпын. Мен тек теннис ойнаймын. Турнирдің екінші кезеңінде жеңілемін деп ойладым. Себебі өзіме сенімді болмадым. Өз елімде болғанда да жұмысқа көңіл бөлуге уақыт болған жоқ. Сондықтан өзімнен көп нәрсе күтпедім. Сосын, 100 пайыз барыңды салып, тынбай еңбек етсең, жақсы нәтиже болады. Белгілі бір турнирді нақты мақсат етіп қоямын деп айта алмас едім. Өйткені қандай турнирде жеңіске жетсем де, қандай нәтиже көрсетсем де өткізген әр маусымды мақтан тұтатынмын. Адам қандай да бір күш-жігер арқылы кедергілерді жеңе алса, бақыттың кілті сонда. Жұмысты жалғастырғаныма және осы аптада көп нәрсе туралы ойланбай, тек дұрыс нәрселерге назар аударғаныма қуаныштымын. Өйткені бұл жетістіктің кілті болды деп ойлаймын. Мұнда келіп, чемпион атану оңай болған жоқ. Сондықтан тәжірибе жинақтағаныма қуаныштымын және бұл маған пайдалы болады деп үміттенемін», — деді Швентек.

Сонымен қатар еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да кездесуге қатысты ойымен бөлісті.

«Соңына дейін күрестім. Ең алдымен, Ига мен оның командасын жеңісімен құттықтағым келеді! Және, әрине, өз командама алғыс айтамын. Менің бас бапкерім қазір теледидардан көріп отыр деп үміттенемін. Соңғы екі апта керемет болды. Сондай-ақ барлық жанкүйерлерге алғыс айтамын! Қазақстан жалауын көріп тұрмын және қолдау көрсеткендеріңіз үшін өте қуаныштымын!», — деді Рыбакина.

Рыбакина Доха турнирінде 308 320  ақшалай жүлде мен 650 ұпайға, ал Швентек 523 485 АҚШ доллар және 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz