Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Қазақстан жастар құрамасы «Даму кубогында» Ресейге есе жіберді

Турнир Беларусь астанасы Минскіде өтуде.

17 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы ресейлік қарсыластарынан 1:3 есебімен ұтылды. Кездесудің 12 минутында Ресей құрамасы сапынан Сидоров гол соқты. Араға 5 минут салып қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев есепті теңестірді. Екінші таймда Памолюк командасын алға шығарды. Ал кездесудің 70-минутында Сидоров тағы да қазақстандықтапрды қапы қалдырып, дубль авторы атанды. Қорытынды есеп ресейліктердің пайдасына 3:1.

Матч аяқталған соң 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Исмаил Бекболат «Даму кубогының» бірінші кезеңіндегі Ресейге қарсы өткен ойынға (1:3) пікір білдірді,

«Біз жеңіліске қарамастан жақсы ойнадық – 1:3. Бірінші таймда гол соқтық, бірақ екінші таймда сәттілік болмады. Біз бір деңгейде ойнадық, жеңіске бір қадам жақын болдық. Бірақ екінші таймда біраз шаршадық. Келесі кездесуде жеңіске жетуге және елге жақсы көңіл-күймен оралуға тырысамыз».

Сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Бауыржан Сағындық «Даму кубогы» аясында Ресейге қарсы өткен ойынды қорытындылай кетті.

«Командамыз қарсыластарынан бір жас кіші болғанымен, футбол ойнауға тырыстық. Ресейлік ойыншылар ұзақ пастармен шабуылға шығуға тырысты. Бұған бейімделуіміз үшін көп уақыт қажет болды. Екінші таймда біраз нәрсені өзгерттік. Бұл матч бізге болашақта көмектеседі деп ойлаймын.», — деді Сағындық.

Айта кетейік, Минскіде өтіп жатқан турнирге 21 ойыншы аттанды.

Қақпашылар: Бахтияр Алдашев («Қайрат»), Мадияр Төлеубек («Ақсу»), Махмуджан Сұңғатуллин («Жас Қыран»)

Қорғаушылар: Әли Әскербеков, Әлихан Жексенбек (екеуі де – «Астана»), Алан Аракельянц, Райымбек Кеңесбеков, Әкежан Қалықұлов, Әлиден Мұсайыпов (бәрі – «Қайрат»), Хасен Артурұлы («Ақтөбе»);

Жартылай қорғаушылар: Руслан Валиханов («Астана»), Арафат Молдағалиев, («Жетісу»), Әділет Сансызбай, Төре Исмағұлов, Абылай Төлеухан, Аламгир Смақов (бәрі – «Қайрат»)

Шабуылшылар: Марат Асланбек («Астана»), Исмаил Бекболат, Дастан Сәтбаев, Артур Трубин (бәрі – «Қайрат»), Алдияр Нұрғали (CF Historics de Valencia)

Енді Қазақстан U-17 құрамасы «Б» тобында Беларусь U-16, Тәжікстан U-16 және құрамаларымен кездеседі. 18-ақпан күні басталған турнир 24-ақпан күні мәресіне жетпек.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz