Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

Олег Болякин: «Қарсылас ойын тізгінін уысынан жібермеді»

«Барыс» плей-офф қатысушысына есе жіберді.

Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті ойынын «Автомобилистке қарсы өткізді. Астанада өткен матч 4:1 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. Кездесудің басында командалар соғылған голдармен алмасып үлгерді. Аркадий Шестаков аймаққа кіре берер жерден тамаша соққысымен есеп ашты. Қонақтар бұған Алексей Макеевтің дәл соққысымен жауап қатты. Сонымен қатар Екатеринбургтіктер сапынан И.Осипов (9-минут), Артем Каштанов (37-минут) және Александр Севостьянов (56-минут) көзге түсті.

Кездесу аяқталған соң «Барыс» бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы Олег Болякин матч нәтижесіне байланысты пікір білдірді.

«Мұнда ерекше ауыз толтырып айтар ештеңе жоқ. Қарсылас ойын тізгінін уысынан жібермеді. Әр ойында жіберіп жатқан қателіктеріміз голдар мен жеңілістерге әкеп соқтыруда. Бүгін төртінші гол, әрине, үлігілі болды. Қарсыласқа гол соғудың орнына, өз қақпамызға гол жіберіп алдық. Мен осыған дейін айтып жүргенімдей бізге резерв жетіспейді. Бізде тізімде тағы екі жарақат алғандар бар: Савицкий мен Шалапов. Жігіттерге үй айдынындағы ойындар сериясын жеңістен бастау керек деп айттық. Бірақ, өкінішке орай, болар іс болды», — деді Болякин.

«Барыс» – «Автомобилист» 1:4 (1:2, 0:1, 0:1)

1:0 – 00:59 – Шестаков (ЛаБейт, Хенкель)

1:1 – 02:50 – Макеев (Голышев, Да Коста)

1:2 – 08:46 – Осипов (Голышев, Да Коста)

1:3 – 36:36 – Каштанов

1:4 – 55:32 – Севостьянов (Кизимов)

Осы жетістігінің арқасында «Автомобилист» 80 ұпай жинап, Шығыс кестесінде бесінші орынға ие болды. Ал «Барыс» 48 ұпаймен 12-орынға жайғасты.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz