Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

Қазақстан құрамасы Словакияға есе жіберді

Шайбалы хоккейден 87-ші әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында В тобында Словакия мен Қазақстан құрамалары кездесті. «Остравар-Арена» стадионында өткен кездесу 6:2 есебімен словакиялықтардың жеңісімен аяқталды.

Словакиялықтар сапынан Мартин Поспишил (дубль), Мартин Фашко-Рудаш, Матуш Сукель, Либор Гудачек және Лукаш Цингел гол соқты. Қазақстан құрамасынан Әлихан Әсетов пен Әлихан Өмірбеков көзге түсті.

Екінші кезеңде словакиялық хоккейші Қазақстан құрамасының капитанын таяғымен ұрып, хоккейшілер арасында төбелес орын алды. Олардың арасында Роман Старченко да бар еді. Дегенмен, төрешілер хоккейшілерге ескерту жасамай, ойын жалғасты.

Алайда, кейін ойында тағы бір төбелес орын алып, екі жақтың хоккейшілері жекпе-жекке шықты. Қазақстандық команда сапынан Тамирлан Гайтамиров пен Артем Королев, ал словакиялықтардан Юрай Слафковский мен Томаш Татар екі минутқа ойыннан шеттетілді.

Бұл матчта Словакия құрамасынан Мартин Поспишил болса, қазақстандық командадан Әлихан Әсетов үздік ойыншы деп танылды. Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері келесі кездесуін 14 мамырда Латвияға қарсы өткізеді.

Словакия – Қазақстан 6:2 (3:0, 1:1,
1:0 — 11:54 — Поспишил (Немец, Слафковски) ГБ
2:0 — 12:28 — Фашко-Рудаш (Кох, Сукель)
3:0 — 17:56 — Сукель (Фашко-Рудаш, Гайдош)
3:1 — 23:02 — Әсетов (Данияр, Мухаметов)
4:1 — 28:28 — Гудачек Б
5:1 – 41:18 – Поспишил (Гудачек)
6:1 — 45:06 — Цингель (Гудачек)
6:2 — 51:05 — Өмірбеков (Михайлис, Данияр)
Қақпашылар: Скорванек – Шутов (Бояркин, 45:06-60:00)

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz