Грузия мен Чехия құрамалары Еуро-2024 додасының топтық кезеңінің екінші турындағы ойынын өткізді. Гамбургтегі «Фолькспаркштадионда» өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Алғашқы гол 23-минутта соғылды. Адам Глозек Горгий Мамардашвилиден айласын асырды. Алайда ереже бұзылғандықтан, германиялық төреші Даниэль Зиберт голды есепке алмады.
Бұған грузиндер бірінші таймға қосылған төртінші минутта Жорж Микаутадзенің соққан голымен жауап берді. Чех қорғаушысы Ладислав Кречидің өз айып алаңында байқаусызда допқа қолы тиіп, Микаутадзе пенальтиден мүлт кетпеді. Алайда чехтар 59-минутта есепті теңестіре алды. Патрик Шик бұрыштама добынан кейін гол соқты.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші турда Чехия құрамасы Португалия құрамасынан 1:2, ал Грузия Түркиядан 1:3 есебімен ұтылды. Келесі турда чехтар Түркиямен, ал Грузия Португалиямен ойнайды. Екі кездесу де маусымның 26-сынан 27-сіне қараған түні өтеді