Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Қазақстандық футболшы Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін

Түркияның 7 дүркін чемпионы «Трабзонспор» «Ақтөбе» мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовты сатып алуға ниетті.

Yeni Asir басылымының хабарлауынша, футболшыға команданың бас бапкері Абдуллах Авджи қызығушылық танытып отыр. Авджидің Түркияда легионер болып саналмайтын жас таланттардың трансферіне үлкен мән бергені атап өтілді. Авджи 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында 14 қазанда Копенгагенде Дания мен Қазақстан құрамалары арасында (3:1) өткен матчта 21 жастағы Самородовтың ойынын бақылаған.

Сондай-ақ Самородов «Ақтөбе» сапында Конференция Лигасындағы өнерімен, төрт матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас бергенімен Трабзонспордың назарына ілікті. Самородов шабуылшы ретінде ғана емес, шабуылдың оң қапталында да, орталық шабуылшы ретінде де ойнауға қабілетті.

«Трабзонспор» басшылығы Самородовты қысқы трансферлік терезеде ауыстырады деп күтілуде. Қазіргі таңда Transfermarkt порталы ойыншының нарықтық құнын 700 мың еуроға бағалап отыр. «Трабзонспор» сегіз матчтан кейін 12 ұпаймен турнирлік кестеде сегізінші орында келеді.

Айта кетейік, Түркия футбол федерациясы жаңа маусымнан бастап түркі мемлекеттерінің футболшыларына жергілікті футболшылармен бірдей мәртебе берді. Осылайша қазақстандық ойыншылар Түркияда легионер болып саналмайды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz