Ханчжоуда (Қытай) Азия Пара ойындары басталды. Оған Қазақстаннан да пара-спортшылар қатысуда. Бүгін ел құрамасының өкілі Жаңыл Балтабаева каноэ есуден VL3 класы бойынша жарыста көшбасшыдан 9,020 ұпайға артта қалып, қола жүлдегер атанды. Өзбекстандық Шахзода Мамадалиева алтын (58,775), екінші орын қытайлық Чжун Йонггуанға (+0,949) бұйырды. Балтабаеваның медалі Қазақстан үшін бұл ойындардағы алғашқы жүлде болды.
Тағы бір қазақстандық параканоист Бибарыс Спатай Азия Пара ойындарында күміс жүлдені жеңіп алды. KL2 санаты бойынша Спатай екінші нәтижені (43,601) көрсетіп, өзбекстандық Азизбек Абдулхабибовке (42,487) есе жіберді. Қола жүлде жапониялық Хироми Тацумиге (47,186) бұйырды. KL1 санатында Қазақстанның тағы бір өкілі Максим Богатырев та финалдық жарысьа сынға түсті. Ол Иран мен Қытай спортшыларынан кейін үшінші орын алды.
Пара ауыратлетші Тұрсынай Қабыл Ханчжоуда өтіп жатқан Жазғы Азия Пара ойындарында 41 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Төрт мүмкіндік нәтижесі бойынша Тұрсынай 87 келіні бағындырып, екінші орынға ие болды. Қытайлық Гуо Линлин (123 кг) әлемдік рекорд жасап, алтын алса, сириялық Нура Баддур (85 кг) қола жүлдені еншіледі.
Қазақстан үшін бұл медаль ағымдағы Азия Пара ойындарындағы екінші күміс, ал жалпы есепте төртінші жүлде. Сонымен қатар ел қоржынында екі қола медаль бар. Ойындар 28 қазанда аяқталады және Қазақстан атынан 14 спорт түрінен 131 спортшы қатысуда.