Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Меруерт Каукеева теннистен төрешінің күміс белгісіне ие болды

Қазақстандық Меруерт Каукеева мінбедегі төрешінің күміс белгісіне қол жеткізді. Ол әлемдік төрешілер қауымдастығынан мұндай жоғары атақ алған екінші қазақстандық қазы атанды.

«Күміс белгі» (Silver Badge) төрешілерге кәсіби қызметі негізінде беріледі. «Күміс белгі» алу үшін халықаралық деңгейдегі кемінде 60 матчқа қазылық ету керек. Сондай-ақ «Алтын белгі» санатындағы төрешілер мен супервайзерлерден жоғары баға алғаннан кейін ITF, ATP, WTA және Grand Slam жиналыс өткізіп, мұндай атаққа лайықтыларды таңдайды. «Күміс белгісі» бар төрешілер «Үлкен дулыға», сол секілді ITF, ATP, WTA аясында ұйымдастырылатын басқа да негізгі жарыстарда, финалдарын қоса алғанда, қазылық ете алады.

Өткен жылы қарашада Қазақстаннан Юлия Игнатченко бірінші болып «Күміс белгіге» ие болған еді.

Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын Меруерт Испанияның Севилья қаласында өткен Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде мінбедегі рефери ретінде қызмет етті.

Ұйымдастырушылар қазақстандық қазыға арнайы ескерткіш медаль табыс етті. Осылайша, командалық әлем чемпионатына тек қазақстандық ойыншылар ғана қатысып қойған жоқ. Төреші де болды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz