Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңін аяқтап, алдағы құрлық біріншілігіне тікелей жолдама ала алмады. Бірақ командада Ұлттар Лигасы арқылы әлі екінші мүмкіндік бар.
Люблянада Словения құрамасынан жеңілген (1:2) Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне тікелей жолдама алу мүмкіндігін уыстан шығарып алды. Команда керемет іріктеу кезеңінен өтті. Бұл Қазақстан футбол тарихындағы ең жақсы нәтиже болды. Бірақ, команда соңғы матчта сәтсіздікке ұшырады.
Небәрі төрт айдан кейін команда турнирге соңғы үш жолдаманың біреуін сарапқа салу үшін сынға түседі. Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Германияға жолдама алатын тағы үш жеңімпаз анықталады. Турнирдің өткен жылғы топтық кезеңінің қорытындысы бойынша өз дивизиондарының үздік командалары өзара кездеседі. С лигасында (үшінші дивизион) үздіктер Грузия, Грекия, Түркия және Қазақстан болды. Бірақ түріктер еуроға тікелей жолдама алды. Сондықтан Люксембург (резервтегі рейтингте бірінші) бұл компанияға қосылды.
Бастапқыда Ұлттар лигасының рейтингі бойынша төрт команданың ең мықтысы Грузия – Люксембург жартылай финалда ойнаса, Грекия Қазақстанды қабылдайды. Сондықтан 21 наурызда Қазақстан құрамасын Грекияға қиын сапар күтіп тұр. Онда жергілікті жанкүйерлер әрқашан өз ойыншылары үшін керемет атмосфера жасайды.
23 қарашада қай жұптың жеңімпазы финалды өз алаңында өткізетінін алдын ала анықтайтын жеребе тартылады. Шешуші текетірес те бір ойыннан тұрады. Сондықтан Грекияны жеңсе де, Қазақстан тағы да сырт алаңда ойнауы мүмкін.
Үш жолдаманы 12 команда сарапқа салады — Польша, Израиль, Босния және Герцеговина, Финляндия, Украина, Исландия, Грузия, Грекия, Қазақстан, Люксембург және Эстония, Уэльс.
А лигасы: Польша – Эстония, Уэльс – Финляндия;
В лигасы: Израиль – Исландия, Босния және Герцеговина – Украина;
С лигасы: Грузия – Люксембург, Грекия – Қазақстан.
Әр Лигадан бір үздік команда Еуропа чемпионатына жолдама алады. Қазақстан құрамасының бірінші қарсыласы, матчтың сырт алаңда болатыны да, финалға шығуға болатын ықтимал қарсыластар да белгілі.
Айта кетейік, Қазақстан мен Грекия құрамалары осы уақытқа дейін үш рет кездескен. Біздің құрама үш кездесуде де жеңіліп қалды. Ал осы жолы біздің жігіттер жеңіске жеткен жағдайда Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазымен жолығады. Финалдық кездесу 23 қараша күні жеребе тарту рәсімінде анықталады.