Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Айдос Ербосынұлы: «Әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа ауысуға асықпаған жөн»

2022-жылы 6 қарашада Айдос екінші орта дивизионда WBA нұсқасы бойынша «тұрақты» әлем чемпионы кіші Дэвид Моррелден нокаутпен жеңіліп қалды. Содан кейін оның миына қан құйылып Миннеаполис ауруханаларының біріне жеткізілді. Кейін боксшы медициналық комаға түсіп, оған ота жасалған болатын.

Өткен жылдың қараша айында қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы кәсіпқой мансабында алғаш рет жеңіліс тапты. Бұл WBA нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуі үшін кубалық Дэвид Моррелге қарсы жекпе-жек еді. Кездесу қазақстандық спортшының ауыр жарақат алуымен аяқталды. Қазір боксшы ем алуын жалғастыруда, өзінің жеке кітабын шығарды және YouTube-та подкасттар жүргізіп, рингке қайта оралуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Sports.kz интернет-порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

— Қазір немен айналысып жүрсіз?

Қазір жеңіл жаттығулар жасап жүрмін. Бапкерім Бауыржан Рысбек менімен үш-төрт ай жұмыс жасады. Иығым да ауырды. Ол мені емдеді, қайта қалпыма келуіме көмектесті. Содан ол Астанаға кетті, мен өз бетімше ақырындап жаттығуымды жалғастырдым. Бірақ, қазір операцияға байланысты жаттығуымды тоқтаттым.

YouTube сайтында подкасттарыңызды көрдік. Неге бұл жұмыспен айналысуға бел будыңыз?

Халыққа пайдамды тигізгім келгендіктен бел будым. Өзімнің подкасттарымда түрлі мәселелерді қамтитын боламын. Олар қазір өте көп. Мысалы, отбасылық және тұрмыстық мәселелер. Бұл мотивациялық подкаст. Әр адамның өмірінде қиындықтар болады. Подкастта біз адамдардың қиындықтармен қалай күрескені және қандай шешімдер қабылдағаны туралы сөйлесеміз. Жоспарда тағы бірнеше форматтар бар.

— Көпшілікті мазалаған сұрақты қояйық: рингке қашан қайта ораласыз?

— Мен рингке қайта оралуды жоспарлап жүрмін. Бірақ қай күні, қай уақытта екенін айта алмаймын. Маған әлі де көптеген тексеруден өту керек. Кеңес Рақышев маған АҚШ-та тексеруден өтуді ұйымдастыруға көмектескісі келеді. Егер бәрі ойдағыдай болса, желтоқсанда баратын шығармын. Егер дәрігерлер мансабымды жалғастыруға рұқсат берсе, мен рингке оралу үшін дайындықты бастаймын.

Спорттық мансабыңызды аяқтауыңыз мүмкін бе?

— Соңғы жекпе-жектен бері бір жыл өтті. Ота жасаттым. Қазір өзімді өте жақсы сезінемін. Бірақ денсаулыққа бей-жай қарауға болмайды. Сондықтан дәрігерлер маған рұқсат бергенін қалаймын. Содан кейін ғана мансабымды жалғастыруды жоспарлап отырмын. Көптеген адамдар маған боксты таста, сен белгілі бір жетістіктерге жеттің деп айтады. Біреу білсе, біреу білмейтін шығар, мен WBA нұсқасы бойынша атақты боксшыларымыз Жанат Жақиянов, Бейбіт Шүменов, Геннадий Головкин сияқты уақытша әлем чемпионы болдым. Рингке қайта шыққым келеді. Бұл туралы әлі соңғы шешімімді айтқан жоқпын.

— Жалпы, бұл жеңіліс сізге моральдық тұрғыдан үлкен салмақ түсірді ме?

— Мен ол кезде толық дайын емес едім. «Suleimen Promotions» командасы барлық өтініштерімді орындай алмады. Мысалы, мен басқа бапкермен жұмыс жасағым келетінін айттым. Бапкерлерім жаттығуларымды мұқият қадағаламады. Жекпе-жекте бабымда болмадым. Барлық талаптарым орындалмады. Толық дайындала алмадым. Диетологтың барлық талаптарын орындадым. Бірақ салмағыма қатысты мәселелер болды. Салмақ қуалау да жеңіліс факторларының бірі. Болашақта мұндай қателіктерден аулақ болғым келеді.

— Жеңістеріңізден кейін қомақты қараражат таба алдыңыз ба?

— Көп деп айтпаймын, бірақ мен біраз ақша таптым. Пәтер, түрлі көліктер сатып алдым, отбасыма, достарыма көмектестім, шетелде де болдым. Suleimen Promotions компаниясымен көп жылғы ынтымақтастығымның арқасында ақшадан еш тарықпадым. Ай сайын лайықты жалақы алып, жекпе-жектер үшін жақсы сыйақы алып отырдым.

— Қазіргі қазақ кәсіпқой боксшыларының арасынан кімді ерекше атап айта аласыз?

— Қазақстанда жақсы боксшылар өте көп, бірақ мен ешкімді бөліп-жарып айта алмаймын. Олардың көбін жақсы білемін, жақсы араласамын, ешкімді ренжіткім келмейді.

— Ал жастардың арасында қай боксшыны ерекше атап өтуге болады?

— Қазақстанда жас, болашағынан зор үміт күттіретін былғары қолғап шеберлері өте көп. Оларға айтар кеңесім, әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа ауысуға асықпаған жөн. Алдымен әуесқой ретінде нәтижеге қол жеткізу керек. Содан кейін жақсы келісім-шарт болса, кәсіпқойларға ауысу керек. Оған дейін келісім-шартты заңгерлермен жақсылап зерттеп, әртүрлі мамандармен бірнеше рет тексеріп алуыңыз керек. Мүмкін болса, өз шарттарыңызды қойыңыз.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz