Жекпе-жектерде 22 нокаутпен жеңіске жеткен WBC чемпионы Әлімханұлымен жұдырықтасуға келісті.
Орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарло (33-0, 22 КО) IBF және IBO титулдарының иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) жекпе-жек өткізуге алдын ала келісімін берді. Дегенмен, Чарлоның шарты бар. Жекпе-жек қарсыласы тек осы дивизионда қалу туралы шешім қабылдаса ғана өтеді.
«Мен міндетті түрде ірі жекпе-жек үшін рингке оралғым келеді. Жәнібек пен міндетті қарсыласыммен жекпе-жек өткіземін. Аты кім еді… Карлос Адамес. Олар жарап тұр, ілгерлеп келеді. Ал мен оларға мүмкіндік беретін боксшымын. Ешқашан ешкімнен қашқан емеспін, ешкімнен қорыққан да жоқпын. Егер орайы келсе, мені оларға қарсы рингте көресіздер. WBC менің нағыз чемпион екенімді түсініп отырғанына алғыс білдіремін. Егер орта дивизионда қалып жатсам, келесі жекпе-жекте титул сарапқа салынады», — деп келтірді Чарлоның сөзін BoxingScene.
Естеріңізге сала кетейік, Чарло өткен демалыста Лас-Вегаста екі жарым жылда алғаш рет рингке шығып, отандасы кіші Хосе Бенавидесті (28-2-1, 19 КО) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ұтқан болатын. Бұл жекпе-жек титулдық емес және келісілген салмақта өтті.
Ал, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 14 қазанда Розенбергте (Техас, АҚШ) алтыншы раундта аяқтады және Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) нокаутқа түсіріп, одан IBF белбеуін тартып алды.