Желтоқсан айындағы алғашқы ойында «Барыс» қосымша уақытта «Северстальді» жеңді.
Елордалық хоккей клубының бапкерлер штабы жеңісті құрамға ешқандай өзгеріс енгізген жоқ. Кездесуді жақсы бастаған «Барыс» сегізінші минутта-ақ нәтиже берген Понтус Оберг – Энтони Камара комбинациясың арқасында есеп ашты. ҚХЛ-дағы 100-ші матчында «Барыс» жейдесінде 36 нөмірлі ойыншы бірінші шайбаны соқты. Тез арада алаң иелері қарымта шабуыл ұйымдастырып, Илья Иванцов есепті теңестірді.
Екінші кезең «Северстальдің» басымдығымен өтті. Кездесудің 22-минутында Кирилл Пилипенко Череповец командасын алға шығарды, содан кейін Андрей Козырев шәкірттері ұзақ уақыт бойы қарсылас аймағында шайбаны бақылауда ұстады. Бірақ эпизодтардың бірінде Михаил Рахманов допқа иелік етіп, есепті теңестірді.
Ал үшінші кезеңде ешбір гол соғылмады. Овертаймда қонақтардың шапшаң шабуылы Евгений Рымаревтің нәтижелі соққысымен аяқталды. Ол ҚХЛ-ға оралғаннан бері алғаш рет гол соқты. Андрей Шутов қақпаға бағытталған 37 соққыны қайтарды. Қорытынды есеп 2:3.
«Северсталь» – «Барыс» 2:3 ОТ (1:1, 1:1, 0:0, 0:1)
0:1 – 07:13 – Камара (Оберг)
1:1 – 13:45 – Иванцов (Буренов, Скоренов)
2:1 – 22:51 – Пилипенко (Лишка, Аймурзин)
2:2 – 31:35 – Рахманов
2:3 – 62:39 – Рымарев (Муратов, Шестаков)
Қақпашылар: Шостак – Шутов
38 ойыннан кейін «Барыстың» қоржынында 31 ұпай бар. Келесі ойынды Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері 5 желтоқсан күні сырт алаңда «Авангардпен» өткізеді.