Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Жекпе-жек

Азат Мақсұм UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізеді

LAS VEGAS, NEVADA - JULY 14: Azat Maksum of Kazakstan poses on the scale during the UFC Fight Night weigh-in at UFC APEX on July 14, 2023 in Las Vegas, Nevada. (Photo by Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images)

Осыдан бірер күн бұрын Асу Алмабаев UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізетінін мәлімдеген. Ал бүгін тағы бір қазақстандық спортшы Азат Мақсұмның да мұхит асып, UFC Fight Night 235 турнирінде өнер көрсететіні белгілі болды.

Келесі жылдың басында жеңіліс көрмеген қазақстандық Азат Мақсұмның (17-0) UFC-дегі көптен күткен екінші жекпе-жегі өтеді. Ол америкалық Нейт Мэнесспен (15-3) сынға түседі. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек Астана уақыты бойынша 4 ақпан күні таңертең Лас-Вегастағы UFC Fight Night 235 турнирінде өтеді.

Америкалық UFC-де 2020 жылдың қазан айынан бері өнер көрсетеді. Ол осы уақытқа дейін алты жекпе-жек өткізіп, төртеуін жеңіп, екеуінде жеңіліс тапқан. 32 жастағы Манесс биыл қазақстандықпен кездесуі мүмкін еді. Мамыр айында ол UFC 288 турнирінде Жалғас Жұмағұловпен жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған болатын. Бірақ, америкалық жарақатына байланысты турнирден шығып қалды. Ал қазақстандық спортшының содан кейін тағы екі қарсыласы кездесу өткізуден бас тартты. Нәтижесінде, Жұмағұлов маусым айында Джошуа Вангпен кездесіп, жеңіліп қалды және UFC-ден кетті.

UFC-де Манесс 2022 жылы Хабиб командасының жауынгерлерімен кездескенге дейін үш жекпе-жекте жеңіске жетті. Маусым айында ол Умар Нурмагомедовтен жеңіліп қалды, кейін оны Тагир Уланбеков мерзімінен бұрын тоқтатты. Жұмағұловпен жекпе-жек үзілгеннен кейін, Нейт 7 қазанға дейін қалпына келді. Кейін Матеус Мендонсаны нокаутқа түсіріп, мансабындағы екінші бонусын алды.

Ал 28 жастағы Азат Мақсұм UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 15 шілдеде, тәжірибелі Тайсон Намға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz