Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

«Барыс» өз айдынында батылдық таныта алмады

Өз айдынындағы матчтар сериясының үшінші кездесуінде «Барыс» ЦСКА-дан жеңіліп қалды.

Бұрын «Ногмад» сапында болған Александр Борисевич, Дінмұхамед Қайыржан және Тамирлан Гайтамиров негізгі құрамға оралды. Төртінші минутта алғашқы болып қонақтар есеп ашты. Айдын иелері алғашқы екі кезеңде жақсы ойнап, соңғы 20 минутты 2:2 есебімен бастауға мүмкіндік берді. Матчтың үшінші кезеңінде мәскеуліктер командасы қазақстандық клубты қорғаныстағы позициялық қателері үшін шеберлікпен жазалады. Нәтижесінде лайықты жеңіске жетті. Қорытынды есеп 5:2.

Қонақтар сапынан Виталий Абрамов (4-минут), Максим Мамин (27-ші), Константин Окулов (43-ші, 53-ші) және Андрей Светлаковтың (45-ші) дәл соққыларымен көзге түсті. «Барыс» командасынан Аркадий Шестаков (24) пен Даниил Апалков (40) бір-бір голдан соқты.

Бүгінгі көрсеткен нәтижесіне қарамастан ЦСКА 58 ұпаймен Шығыс конференциясының кестесінде жетінші орында қалды. Ал «Барыс» 44 ұпаймен Шығыс конференциясы кестесінде 11-ші орында тұр. Олег Болякин шәкірттері келесі ойынын өз айдыныда 22 қаңтарда Екатеринбургтің «Автомобилистіне» қарсы өткізеді.

«Барыс» – ЦСКА 2:5 (0:1, 2:1, 0:3)

0:1 – 03:39 – Абрамов (Плотников, Дыбленко)

1:1 – 23:03 – Шестаков (Оберг, Апальков)

1:2 – 26:11 – Мамин (Каменев)

2:2 – 39:09 – Апальков (Оберг, Скленичка)

2:3 – 42:19 – Окулов (Абрамов, Дыбленко)

2:4 – 44:36 – Светлаков

2:5 – 52:15 – Окулов (Плотников)

ҚақпашыларШутов – Гамзин

Айта кетейік, бүгін елордалық хоккей клубын қолдауға «Барыс Аренаға» 7200-ден астам жанкүйер жиналды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz