Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

Astana Qazaqstan Development Team командасы британдық шабандозбен толықты

Британдық шабандоз Макс Уолкер (22 жаста) 2024 жылғы маусымда «Астана» жобасына қосылып, Astana Qazaqstan Development Team сапында өнер көрсетеді. Макс Уолкер құрлықтық команда күнтізбесіндегі жарыстармен қатар Әлемдік турдың командасымен бірге бірқатар жарыстарға қатысады деп жоспарланып отыр.

«Биыл Астана жобасының бір бөлігі болатыныма өте қуаныштымын. Осындай беделді және мықты команда қатарына қосылғанымды мақтан тұтамын. Құрлықтық команданың жарыс кестесі өте тығыз және әлеуетімді толық іске асыру үшін қолдау бар. Сонымен бірге Әлемдік Тур командасымен бірге жарыстарға қатысып, тәжірибе жинақтап және әлемдегі ең дарынды кәсіби шабандоздардан көп нәрсе үйренемін деп ойлаймын. Команданың жеңіске жетуіне бар күшімді саламын. Мұнда мен үшін керемет артықшылық бар. Мэн аралында алғаш рет велосипедке отырып, велоспортқа келген кезімнен бастап бүкіл мансабымда Марк Кавендиштің соңынан еріп келемін. Енді Астана жобасының бір бөлігі бола отырып, атақты жерлесім Марк Кавендишпен бірге жаттығып, жарысуға мүмкіндік аламын. 8 жасымда ата-анам сыйлаған алғашқы киім жиынтығы Астана командасының формасы болатын. Мен үшін қазір «Астана» ұжымының бір бөлігі екенімді ұғыну сондай керемет. Trinity Racing командасымен тамаша жылдарды өткіздім және 2024 жылы Saint Piran-да  өнер көрсетуім керек еді. Сондықтан «Астана» жобасымен бірге мансабымда алға қадам басуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтқым келеді» — деді Макс Уолкер.

«Макс қаңтардағы оқу-жаттығу жиынында бізді таң қалдырды және мен оның құрлықтық командамыздың шабандозы болғанына қуаныштымын. Мұнда біз оны жарыс режимінде сынап, оның толық әлеуетін ашуға көмектесе аламыз. Сондай-ақ, оны жоғары деңгейде Astana Qazaqstan Team командасымен жарыстарда көру керемет болар еді. Маусым бойы Макс Уолкерді құрлықтық командада да, Әлемдік тур командасында да мұқият қадағалайтын боламын», — деді Astana Qazaqstan Team командасының бас менеджері Александр Винокуров.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz