Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ауысты

Қазақстан теннис федерациясы басшылығының шешімімен Қазақстан әйелдер құрамасына Юрий Щукин жетекшілік ететін болды.

ҚТФ баспасөз қызметі мәлім еткендей бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасына Ярослава Шведова басшылық етіп келген болатын.

Шведова 2020 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейін әрі капитан, әрі ойыншы ретінде қызмет атқарды. Кейін капитандыққа біржола ауысты.

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев кадрлық өзгеріске қатысты пікірін білдірді.

«Ұлттық әйелдер құрамасында түбегейлі ештеңе өзгертіп жатқан жоқпыз. Бұрын әйелдер құрамасында Юрий бапкер, Ярослава капитан еді. Енді керісінше Щукин басшылық тізгінді қолға алып, Шведова оған жәрдемдесетін болады. Былайша айтқанда, кадрлар орнын ауыстырды, бұл құраманың биылғы маусымда табысты өнер көрсететініне септеседі деп үміттенеміз», — деді Досқараев.

Кейінгі жылдары әйелдер құрамасында Юрий Щукин көмекші бапкер ретінде жұмыс істеді. Ол сондай-ақ 2020 жылдың наурызынан бері Қазақстан ерлер құрамасын басқарады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz