Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бахтиёр Зайнутдинов Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекиямен өтетін ойын алдындағы ойымен бөлісті.
— Бахтиёр, Әліптің орнында ойнауға дайынсың ба?
— Мен барлық құпияны ашқым келмейді, ойында көресіз.
— Грекия құрамасында ерекше атап өтетін адам бар ма?
— Грекияда жұлдыз ойыншылар аз деп айта алмаймын. Топ-5 чемпионаттың ойыншылары бар. Оларда Цимикас, сондай-ақ Түркия чемпионатында өнер көрсетіп жүрген Бакасетас бар. Грекия – өте мықты команда. Оларды құрметтейміз, бірақ қорықпаймыз.
— Түркияда трибунаның қысымы қандай екенін білесіз. Бірақ, біздің команданың басқа ойыншылары қысымға дайын ба?
– Біз бүкіл Қазақстанның қолдауын сезінеміз. Менің ойымша, бұл мәселе болмайды. Осы ойынды барлық жанкүйер асыға күтіп жүргенін білеміз. Қазақ бауырларымыздан көптеген хаттар келіп жатыр. Өз күшімізге сенеміз.
— Баспасөз мәслихатына әдетте, матчтарда қосалқы құрамда қалған ойыншылар қатысады (сұрақ Адиевке жолданған болатын).
— Мен қазірдің өзінде уайымдай бастадым (күлді).
Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Грекиямен сырт алаңда өтетін ойынға қатысатын ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Шақырту алған 26 ойыншының арасынан дисквалификацияланған қорғаушы Нұралы Әліп, ұлттық құраманың дебютанты Әділхан Таңжарықов пен жас шабуылшы Иван Свиридов бүгін алаңға шықпайды.
Естеріңізге сала кетейік, Грекия — Қазақстан арасындағы ойын Қазақстан уақытымен бүгін 00:45-те басталады.