ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин футболдан Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін Грекия астанасы Афинаға келді.
«Афина, 20 жылдан кейін. Команданы қолдауға келдік. Алға, Қазақстан!», — деп жазды Головкин өзінің Instagram парақшасында.
Головкин 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Қазақстандық былғары қолғап шебері финалда ресейлік Гайдарбек Гайдарбековке есе жіберіп, күміс жүлдегер атанған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Головкин футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау көрсетті. Ол уақытта Астанаға келіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге трибунада ойынды тамашалады. Сол кеште командамыз Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен жеңген болатын.
Бүгін, 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Қазақстан құрамасы Афинада Грекия құрамасымен ойнайды. Алғашқы ысқырық Астана уақытымен 00:45-те естіледі. Матчтың жеңімпазы финалға шығып, Еуро-2024 жолдамасы үшін сыртта Грузия – Люксембург жұбының үздіктерімен ойнайды