Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Қазақстандық жасөспірімдер 14 жасқа дейінгі әлем чемпионатына іріктеуде қарсыластарына есе жіберді

Кучингте (Малайзия) Азия/Океания аймағына іріктеу турнирінің топтық кезеңі — World Junior Tennis Competition 14 & Under турнирі басталды. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан жастар құрамасы Аустралия, Пәкістан және Өзбекстан құрамаларымен «В» тобына түсті.

Бүгін, 25 наурызда Қазақстан құрамасы Пәкістан құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Бірінші ойында Роберт Каминский Омарды 6:2, 6:0 есебімен жеңді, одан кейін Родион Трейгель Абубакардан 4:6, 4:6 есебімен ұтылды. Ал шешуші жұптық кездесуде Родион мен Роберттің жолы болмады. Әбубакар / Омар жұбына қарсы өткен текетіресте қазақстандық теннисшілер 7 :5, 3:6, 8:10 есебімен жеңіліп қалды.

Әлем чемпионатына іріктеуде Қазақстанның намысын Роберт Каминский,  Родион Трейгель, Аңсар Ниетқалиев, сондай-ақ команда капитаны Сағадат Аяп қорғауда.

U14 командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде төрт топқа бөлінген 16 команда бақ сынауда. Әр квартеттен екі команда плей-офф кезеңіне өтеді. Биыл ұлдар арасында Азия/Океания аймағынан осы жазда Чехияда өтетін жасөспірімдер арасындағы командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне үш жолдама сарапқа салынуда.

Өкінішке қарай,  Кучингте (Малайзия) Қазақстан қыздар құрамасы да 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына жолдама ала алмай, ширек финалда сүрінді. ¼ финалда Қазақстан құрамасы үшінші орын алған Аустралия құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Бірінші ойында Екатерина Кирюшенко Весна Маринковты сенімді түрде жеңді – 6:3, 6:2. Екінші кездесуде Наиля Баймахан Отт Джениферге есе жіберді – 6:7 (5:7), 2:6. Ақтық жұптық кездесуде Баймахан/Кирюшенко Чен Лю/Маринкадан– 5:7, 5:7 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша қазақстандық теннисшілер ¼ финалда сүрінді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz