Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Қазақстан құрамасы Еуропадағы жорығын аяқтады

Қазақстан мен Люксембург құрамалары жолдастық кездесу өткізді. Матч 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Екінші минутта ерекше көзге түскен «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Әділет Садыбековтің дебюттік голынан кейін Қазақстан құрамасы алға шықты. Люксембург 24-минутта Герсон Родригестің күшімен есепті теңестірді. Ал  екінші 45-минутта екінші голды соқты. Гол авторы Данел Синани. Ол айып алаңының сыртынан қақпаға бағыттады. Қақпаға тиер алдында доп Александр Марочкинге тиіп, траекториясын өзгертіп, Игорь Шацкийді адастырды. Осылайша Қазақстан құрамасы бес күн ішінде екінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, 21 жастағы алматылық жартылай қорғаушы үшін бұл гол оның ұлттық құрамадағы дебюті болды. Садыбеков үшінші кездесуін өткізіп, бірінші рет негізгі құрамда ойнады. Сонымен қатар, Садыбековтің голы Қазақстан құрамасының тарихындағы ең жылдам гол болды. Бұған дейін шабуылшылар Болат Есмағамбетов пен Алексей Щеткин жылдам голдар соққан болатын.

1997 жылы 11 мамырда Алматыда өткен Пәкістанға қарсы ойында (3:0) Есмағамбетов екінші минутта есеп ашты. Ал Щеткин Кипрге қарсы ойында (1:2) екінші минутта гол соқты. Ойын 2019 жылдың 6 қыркүйегінде Никосияда өткен болатын.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz