Астанада «Номад» пен «Ақтөбе» арасындағы жартылай финалдық серияның бесінші, соңғы ойыны өтті. Қонақтар тоғызыншы минуттың аяғында Николай Коевтың арқасында есеп ашты. Алайда, «көшпенділер» сапынан Әділ Бекетаев, Николай Шульга, Аңсар Шайхмедденов, Әлихан Әсетов, Михаил Рахманов және Станислав Александров гол соғып, ірі жеңіске жетті — 6:1. Айдын иелерінің қақпашысы Никита Бояркин 21 соққыны қайтарды.
Осылайша алтын медаль үшін күресті кезекті чемпионаттың жеңімпазы көкшетаулық «Арлан» мен қазіргі титул иегері астаналық «Номад» жалғастырады. Көкшетауда өтетін серияның бірінші кездесуі 6 сәуірге жоспарланған. Финал командалардың бірінің төрт жеңісіне дейін жалғасады.
Қола жүлдені жартылай финалда жеңіліс тапқан «Ақтөбе» мен «Сарыарқа» сарапқа салады. Текетірестің алғашқы кездесуі 5 сәуірде еліміздің батысында өтеді. Бұл серия үш жеңіске дейін жалғасады.
Үшінші орын үшін матчтартардың кестесі белгілі болды:
5 сәуір, сағат 19:00. Ақтөбе – Сарыарқа
6 сәуір, сағат 17:00. Ақтөбе – Сарыарқа
9 сәуір, сағат 19:00. Сарыарқа – Ақтөбе
10 сәуір, сағат 19:00. Сарыарқа — Ақтөбе (қажет болған жағдайда)
13 сәуір, сағат 17:00. Ақтөбе – Сарыарқа (қажет болған жағдайда)